Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, арнайы мамандарға арналған жиналыс өткізді. Мукантаева Улмекен Нурлановна жиналыс барысында 2 тоқсанға арналған жоспарларымен таныстырып, ортаға салып талқылады. Тәрбие бағыты бойынша ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасын іске асыру қызметін ұйымдастыру туралы, даналық мектебі клубын, аталар, әжелер, ағалар, жеңгелер, ардагер ұстаздар клубының қараша айына қойылған жоспарымен таныстырып, психолог, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог,тәлімгермен бірлесіп жұмыстануды ұйымдастырды. Жиналыстың соңында мектеп ұжымына ризашылығын білдіріп, мектебіміздің психологы Альмира Жамаледеновнаға жиналысты кезекті мұғалімдерге арналған тренингпен жалғастыруын ұсынды.

 

Жарияланған күні: 02-11-2023